05.01.2007, 14:39 3556

Шымкент ауруханасында қарттар үйіндегі өрттен зардап шеккен әйел көз жұмды

ШЫМКЕНТ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкент ауруханасында қарттар үйіндегі өрттен зардап шеккен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін түнде Шымкент қаласындағы қарттар және мүгедектер үйінде өрт шыққан. ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 6 шаршы метр жерді шарпыған өрттен әртүрлі деңгейдегі күйікке шалдыққан 75 жастағы қарт әйел ауруханаға жеткізілген болатын. Лермонтов көшесінде орналасқан ғимараттан 20 адам көшірілді. Өрт төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күшімен бір сағаттан кейін сөндірілген.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өрт төсекте жатып тартқан темекінің салдарынан шығуы мүмкін. Өткен жылдың күзінде өртке қарсы қызмет қарттар үйінің басшылығына өрт қауіпсіздігін бұзуға қатысты ескерту жасағаны белгілі болды.

Қарттар үйінде тұратындардың жалпы саны - 265 адам.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны