25.07.2016, 15:18 8027

Шымкент қаласында табылған қауіпті заттыӊ оқу-жаттығу гранатасы екені анықталды

Саперлер жүргізген тексеру нәтижесінде, табылған заттыӊ РГД-5 гранатасына ұқсас, оқу-жаттығу гранатасы екені анықталды.

Шымкент. 25 шілде. Kazakhstan Today. Шымкент қаласында табылған қауіпті заттыӊ оқу-жаттығу гранатасы екені анықталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"2016 жылдыӊ 25 шілдесі күні күндізгі сағат 11.30 шамасында Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ "102" сымтетігіне, Майлықожа көшесіндегі қоқыс жәшіктерініӊ бірінен полиэтилен пакетке оралған гранатаға ұқсас белгісіз зат табылғаны туралы хабарлама түсті",- делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер оқиға орны мен жақын маӊды қоршауға алып және сол аумақтағы тұрғындар мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіз жерге көшірді.

Саперлер жүргізген тексеру нәтижесінде, табылған заттыӊ РГД-5 гранатасына ұқсас, оқу-жаттығу гранатасы екені анықталды.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ Сотқа дейінгі бірыӊғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-ніӊ 287-бабы бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заӊсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Экспертиза тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны