15.08.2006, 18:03 3150

Шымкент тергеу изоляторында жаппай өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды

ШЫМКЕНТ. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкент тергеу изоляторында жаппай өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының басшылығы журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, ИЧ-167/1 тергеу абақтысында қамауда отырған тергеудегі азаматтардың туыстары таратқан ақпарат бойынша, тергеу абақтысындағы ахуалға қарсылық белгісі ретінде 45 тұтқын өзіне-өзі қол жұмсаған. Тергеу абақтысына келген журналистерге Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының басшылығы мұндай оқиа болған жоқ деп жауап берген. Бұған дәлел ретінде олар хатта аттары көрсетілген бірнеше адамды көрсеткен. Тұтқындар қалыпты жағдайда болғанымен, журналистермен тіл қатысудан бас тартқан.

Тергеу абақтысының басшылығы бірақ өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған жекелеген әрекеттер болғанын, оларға дер кезінде тосқауыл қойылғаынн растады. "Тұтқындарды соққыға жығу немесе тұтқындардың жаппай өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы болған жоқ",- деп сендірді тергеу абақтысының бастығы Теңізжан Жәнібеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны