13.03.2009, 16:11 3037

Шымкенте жолаушылар тасымалдайтын автобус жеңіл көлікпен соқтығысу салдарынан аударылып қалды, зардап шеккендер бар

Шымкенте жолаушылар тасымалдайтын автобус жеңіл көлікпен соқтығысу салдарынан аударылып қалды, зардап шеккендер бар

Шымкент. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте бүгін таңертең жолаушылар тасымалдайтын автобус жеңіл көлікпен соқтығысу салдарынан аударылып қалды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Апат жаңа "Нұрсәт" ықшамауданына апаратын жолда болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №21 бағыт бойынша қатынайтын автобус "Мерседес" көлігімен соқтығысу салдарынан аударылып қалған. Автобуста 15 жолаушы болған, олардың бәрі тірі қалды. Бір зейнеткер қария, аяғы ауыр әйел мен кішкентай баланы ауруханаға алып кеткен.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, апаттың шығуына жеңіл көліктің жүргізушісі кінәлі және ол оқиға орнынан бірден қашып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны