05.04.2016, 18:53 5338

Шымкентте 24 жастағы жүргізуші екі оқушыны қағып кетті

Бәйдібек би даӊғылыныӊ бойында "Мерседес-бенц" көлігін басқарған 1992 жылғы Шымкент тұрғыны жол жүру ережесін өрескел бұзып, 2007 және 2009 жылы туған Сайрам ауданыныӊ екі оқушысын қағып кетеді. Жас балалар бұл уақытта жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкенттіӊ полицейлері екі баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады. Соныӊ салдарынан бүлдіршін қыз оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 сәуір күні таӊғы сағат 08:40-та болған, деп хабарлайды otyrar.kz тілшісі.

Бәйдібек би даӊғылыныӊ бойында "Мерседес-бенц" көлігін басқарған 1992 жылғы Шымкент тұрғыны жол жүру ережесін өрескел бұзып, 2007 және 2009 жылы туған Сайрам ауданыныӊ екі оқушысын қағып кетеді. Жас балалар бұл уақытта жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.

Жол апатыныӊ кесірінен 7 жасар қыз оқиға болған жерде көз жұмса, 9 жасар бала жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынған.

Полицейлер жан-жақты сараптама жасап, қайғылы оқиғаны тексеріп жатырмыз деп мәлімдеді. Қылмысты кодекстіӊ 345-бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны