02.09.2007, 11:10 1436

Шымкентте арнаулы қызметтің бұрынғы қызметкері кішкентай балаларды зорлаған күдікті ретінде ұсталды - ақпарат көзі

Шымкентте арнаулы қызметтің бұрынғы қызметкері кішкентай балаларды зорлаған күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Шымкентте арнаулы қызметтің бұрынғы қызметкері кішкентай балаларды зорлаған күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің нақтылауынша, ұсталған бұрын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінде істеген және ол ұсталардан біраз уақыт бұрын жұмыстан шығарылған.

Прокуратурадағылар педофилдің ұсталу дерегін растады. "Изірге тергеу күдіктінің төрт жасар екі қыз баланы зорлағаны жөніндегі мәліметтерге ие болып отыр", - деді Шымкенттің Ил-Фараби аудандық прокуроры Нұрлан Ибдіраманов. Оның айтуынша, көп қабатты үйде тұратын 30 жастағы күдікті көршілердің балаларын үйдің жертөлесіне шақырып алып әрекет етіп келген.

"Бұл біздің облыста бұрын -соңды сирек болған қылмыс, іс жүзінде бұрын мұндай дерек тіркелмеген", - деді прокурор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны