20.04.2011, 13:15 3815

Шымкентте болған көлік апатының салдарынан 9 адам зардап шекті

Шымкентте болған көлік апатының салдарынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

Шымкент. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте болған көлік апатының салдарынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шымкентте болған жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көлік күзет полициясының қосынына кіріп кетіп полк инспекторы зардап шеккен. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департементінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Жол-көлік оқиғасы қаланың орталығында орын алды. Үш автомашина соқтығысты - екі "БМВ" және ВАЗ-21099". Соқтығыс салдарынан "ВАЗ-21099" автомобилі жолдың жанына шығып кетіп, ішінде полиция инспекторы отырған полиция қосынына кіріп кетті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

27 жасар полиция қызметкері жарақат алып, "миы шайқалған" деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді.

"Оқиға салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шекті. Олардың барлығы да ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны