24.07.2013, 13:36 15062

Шымкентте көлік басып кеткен адам тірі қалды

Шымкентте көлік қағып, басып кеткен адам аман қалды. Бұл оқиға Төле би және Адырбеков көшелерінің қиылысында орын алған. Көше қиылысынан өтіп бара жатқан скутер жүргізушісі автокөлікпен соқтығысып қалады

Шымкент. 24-шілде. Kazakhstan Today - Шымкентте көлік басып кеткен адам тірі қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте көлік қағып, басып кеткен адам аман қалды. Бұл оқиға Төле би және Адырбеков көшелерінің қиылысында орын алған. Көше қиылысынан өтіп бара жатқан скутер жүргізушісі автокөлікпен соқтығысып қалады

Бұл келеңсіз жағдай "Қырғы базар" жақта, "Акбар" көтерме сауда орнының алдында болды. Төле би көшесінің бойымен төмен қарай кетіп бара жатқан скутерді өзге көліктер жіберіп тұрған. Алайда ақ түсті автокөліктің жүргізушісі скутерді байқамады ма, әлде алдын орап кетемін деп ойлады ма, әйтеуір, алдынан шыға келеді. Салдарынан екеуі қақтығысып, жерге құлап қалған скутер жүргізушісін көлік басып-жаншып өтеді.

Скутер жүргізушісінің көрер жарығы бар екен - тірі қалды. Құдай сақтап, көлік оның қолын басып кеткен. Оқиға орнына ондаған адам жиналып қалды.

Адам қағып кеткен көліктің жүргізушісі де оқиға орнынан қашып кеткен жоқ. Ол зардап шеккен жігітке көмек көрсетіп, ары қарай ауруханаға алып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны