21.03.2007, 09:49 3185

Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бала қаза тапты

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бүлдіршін қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 2-ші Зеленая балка көшесінің бойындағы бір жер үйде болған. 20-наурыз, сейсенбі күні 15 сағат 3 минутта бұл үйде 22 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шыққан. "Үш-бес жас аралығындағы үш қыз бала өрт салдарынан көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 15 сағат 48 минутта сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны