25.08.2011, 15:45 4004

Шымкентте өз енесін тапсырыспен өлтірткен әйел ұсталды

Шымкенттік полицейлер қарт әйелді тапсырыспен өлтіру қылмысын ашқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Шымкент. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Шымкентте өз енесін тапсырыспен өлтірткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шымкенттік полицейлер қарт әйелді тапсырыспен өлтіру қылмысын ашқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Шымкент қаласының Еңбекші ІІБ-не 38 жастағы әйел хабарласып, белгісіз азаматтардың үйіне басып кіріп, енесін өлтіріп кеткенін хабарлады. "Оқиға орнында тексеріс жұмыстарын жүргізу кезінде бетперде киген үш белгісіз азаматтың үйге басып кіріп, арызданушы мен оның кәмелетке толмаған балаларын жапсырғыш лентамен байлап-матап тастағаны анықталды. Одан кейін қылмыскерлер 17 мың АҚШ долларын, ұялы телефонды ұрлап, 80 жастағы кемпірді буындырып өлтірген", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, қаза тапқан азаматшаның денесінде көптеген дене жарақаттары болған, қабырғалары сынған. Ол буындыру салдарынан қаза тапқан. Аз уақыт өткеннен кейін күдіктінің ізіне түсуге мүмкіндік туды. "Ақтөбе облысының 23 жасар тұрғыны адам өлтіргеннен кейін жасырынып жүрген жері - Ақтөбе қаласынан ұсталды", - деді С.Қаракөзова.

Қылмысты жасаушы ұсталғаннан кейін, адам өлтіруге тапсырысты осы үйдің келіні жасағаны анықталды. "Кемпірдің ақшасына ие болғысы келген ол өзінің туған жиенін 17 мың АҚШ долларын ұрлап, ақшаның жоғалғанын жасыру үшін кемпірді өлтіруге көндірген. Енесінің өмірін ол 40 мың теңгеге бағалапты", - деп қосты С.Қаракөзова.

Тапсырыс беруші мен қылмысты орындаушы қамауға алынды. Оларға адам өлтіру және қарақшылық жасау бойынша айыптар тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны