28.03.2011, 15:22 4969

Шымкентте өз қызметтесін өлтірді деген күдікпен әскери қызметкердің үстінен қозғалған іс сотта қаралуда

Шымкентте өз қызметтесін өлтірді деген күдікпен әскери қызметкердің үстінен қозғалған іс сотта қаралуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкент. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - Шымкентте өз қызметтесін өлтірді деген күдікпен әскери қызметкердің үстінен қозғалған іс сотта қаралуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Абдуллаевтің үстінен ҚР ҚК 369 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Күдікті кінәлі деп танылса аталмыш бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкенттің 35748 әскери бөлімшесінде қатардағы жауынгер Сәбит Абдуллаев пен сержант Нұрман Ишірбековтың арасында жанжал туындайды. Олар мәселені әскери бөлімше аумағынан тыс жерде шешпек болған. Сол күні Абдуллаев көмекке достарын шақырады.

"Оқиға орнына олар абудллаевтің көлігімен келген. Оның достарының біреуі болған оиғаны ұялы телефонға жазып тұрған, ал екіншісі Ишірбековқа пышақ жұмсаған",- деп хабарлаған болатын Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Есжан Сыбанбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны