11.03.2012, 11:47 3554

Шымкентте полиция және кеден қызметкерлері есірткі өткізбек болған жерінен қолға түсті

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, ОҚО бойынша ҰҚК қызметкерлері арнайы іс-шара өткізіп, соның нәтижесінде есірткі бұйымдарының заңсыз екінші айналымымен айналысқан полицей мен кедендік қызмет қызметкерлері қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Шымкент. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Шымкентте полиция және кеден қызметкерлері есірткі өткізбек болған жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, ОҚО бойынша ҰҚК қызметкерлері арнайы іс-шара өткізіп, соның нәтижесінде есірткі бұйымдарының заңсыз екінші айналымымен айналысқан полицей мен кедендік қызмет қызметкерлері қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Бірінші болып ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің кіші оперативтік уәкілі шамамен екі келіге жететін марихуанамен қолға түсті, кейін арнайы операция барысында 0,22 грамм героинді өткізу қылмысы үстінен облыстық кедендік бақылау департаменті контрабандамен күрес басқармасының екі бас маманы - кедендік қызметтің капитаны мен майоры құрықталды.

Аталған оқиғалар бойынша ҰҚКД тергеу басқармасы қылмыстық істер қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны