11.06.2009, 14:32 3200

Шымкентте жол апатынан жедел жәрдем көлігі қирап, дәрігерлер тобы зардап шекті

Шымкентте жол апатынан жедел жәрдем көлігі қирап, дәрігерлер тобы зардап шекті

Шымкент. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатынан жедел жәрдем көлігі қирап, дәрігерлер тобы зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Топта дәрігер, фельдшер мен жүргізуші болған. Дәрігер қазір ауруханада, алайда, оның өміріне ешқандай қатер төніп тұрған жоқ. Жүргізуші мен фельдшер емханалық емдеуде", - деп хабарлайды Орталық жедел жәрдем станциясының қызметкері.

"Бұл - су жаңа "Мерседес" шағын автобусы болған. Көліктің алдыңғы жағына зақым келген. Қозғалтқышы әлі алынған жоқ, оған қаншалықты ақау келгені белгісіз. Ал оны қыркүйек айында ғана алғанбыз. Бағасы 12 млн теңге", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны