26.05.2011, 13:25 3526

Шымкенттегі газ құбырында болған апат салдары жойылып, тұтынушылар көгілдір отынмен қамтылды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттінінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында газбен қамтамасыз ету толық қалпына келтірілген.

Астана. 26 - мамыр. Kazakhstan Today - Шымкенттегі газ құбырында болған апат салдары жойылып, тұтынушылар көгілдір отынмен қамтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттінінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында газбен қамтамасыз ету толық қалпына келтірілген.

Естеріңізге сала кетсек, 25-мамыр күні сағат 02.11 Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 200 жуық абонент көгілдір отынсыз қалған болатын.

"Сейсенбі күні, Шәймерденов көшесі бойындағы № 201 және №203 үйлердің диаметрі 114-мм-лік газ құбыры ағаш аралау барысында зақымданды. Соның салдарынан жеке сектордағы 189 абонент көгілдір отынсыз қалды", - делінген ведомство ақпаратында.

"25 мамыр күні сағат 18.02 жөндеу қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, газбен қамтамасыз ету толықтай қалпына келтірілді", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны