18.01.2011, 13:00 3620

Шымкенттегі жабық сауда алаңында өрт шықты

Шымкенттегі жабық сауда алаңында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Шымкенттегі жабық сауда алаңында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, тілсіз жау сауда дүңгіршектерінің бірінен тұтанып, ғимараттың шатырын шарпыған. Жалын 54 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 64 қызметкері мен 7 техникасы және ҚР ТЖМ "Медициналық апат орталығы" мекемесінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны