15.01.2009, 09:47 1613

ШҚО Бесқарағай ауданында қар мен күшті желдің салдарынан жарық апатты жағдайда үзілді

ШҚО Бесқарағай ауданында қар мен күшті желдің салдарынан жарық апатты жағдайда үзілді

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ШҚО Бесқарағай ауданында қар мен күшті желдің салдарынан жарық апатты жағдайда үзілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында 14 қаңтарда сағат 19.00-де қар мен күшті желдің салдарынан жарық апатты жағдайда үзілді, соның салдарынан Бесқарағай, Семиярка, Кривинка, Сосновка, Ново-Николаевка, Бозтал, Банкөл, Глуховка және Бірлік ауылдарының тұрғындары жарықсыз қалды.

14 қаңтардағы сағат 23.40-тағы жағдаймен жеті ауылда жарық жарым-жартылай берілді. Глуховка және Бірлік ауылдарындағы қалпына келтіру жұмыстары 15 қаңтарда сағат 09.00-де басталады. Төтенше жағдайды жоюға Ертіс АЭЖ апаттық бригадасының 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны