07.12.2011, 15:11 3231

ШҚО бір әйел мен екі бала көмірқышқыл газына уланып, мерт болды

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы қыстақта әйел, бір жасар бала мен үш жасар қыз бала түтіннен уланып көз жұмған.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - ШҚО бір әйел мен екі бала көмірқышқыл газына уланып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы қыстақта әйел, бір жасар бала мен үш жасар қыз бала түтіннен уланып көз жұмған.

Сонымен қатар, түтіннен уланған 62 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адам ауруханаға түскен.

Бақытсыз жағдайға от жағатын пештегі ақау себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны