06.04.2011, 14:06 3273

ШҚО болған көлік апатынан екі адам қаза тапты

ШҚО болған көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өскемен. 6 - сәуір. Kazakhstan Today - ШҚО болған көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда 5 сәуірде болған көлік апатының салдарынан екі адам қаза болып, тағы екі адам жараланған.

"Ауди" көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Өскеменге кіреберістегі көпірде рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп "КамАЗ" көлігімен соқтығысқан.

Жеңіл көліктің екі жолаушысы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше кешке Шығыс Қазақстанда кенеттен қалың қар жауған болатын. Жолдарда қатты көктайғақ болып, құтқарушылар түні бойы қар құрсауында қалған адамдарды құтқарып шыққан. Кеше көлік қозғалысы үшін жабылған "Өскемен-Зырян" тас жолынан 30 шақты адам құтқарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны