07.07.2010, 12:33 2428

ШҚО жергілікті тұрғын қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды

ТЖМ хабарлауынша, 2010 жылдың 6-шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылынан 500 метр жердегі қоқыстан жергілікті тұрғындар минаға ұқсас зат тауып алған.

Астана. 7-шілде. Kazakhstan Today ШҚО жергілікті тұрғын қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 2010 жылдың 6-шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылынан 500 метр жердегі қоқыстан жергілікті тұрғындар минаға ұқсас зат тауып алған.

"Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында аталған заттың ТН 62 М маркілі танкіге қарсы қолданылатын мина екендігі анықталды. ТЖМ-нің хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарылғыш затты жою үшін "Анна" шаруашылығының қоймасына орналастырды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны