21.03.2011, 12:30 5438

Шопаннан Калашников автоматы тәркіленді

Шопаннан Калашников автоматы тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 21-наурыз. Kazakhstan Today - Шопаннан Калашников автоматы тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Алматы облысының полицейлері, Алакөл ауданындағы жайылым учаскесін тексеру кезінде АК-74 автоматын және оған арналған 5,54 мм 7 патрон тапқан.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шопанның айтуынша, ол автоматты былтыр күзде тауып алған. Қазір сот-баллистикалық сараптамасы жүргізіліп, қарудың қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Құқық тәртібі операциясының" төрт күнінде Алматы облысының полицейлері заңсыз сақталып келген 64 атыс қаруын тәркіледі. Кейбір фактілер бойынша қылмыстық, ал келесі бір фактілер бойынша әкімшілік істер қозғалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны