06.09.2010, 13:25 3609

СҚО өткен тәулікте екі дала өрті шықты

СҚО өткен тәулікте екі дала өрті шығып, 700 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - СҚО өткен тәулікте екі дала өрті шығып, 700 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше сағат 18.02 СҚО Тайынша ауданында Жаңадәуір аулында дала өрті шығып, 400 гектар аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау бүгін сағат 03.33 ҚР ТЖМ СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталған.

Сонымен қатар, кеше сағат 13.33 СҚО Тайынша ауданында Сүгірбай аулында тағы бір дала өрті шығып, 300 гектар аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері мен 3 техникасы, Ақмола темір жол бөлімшесінің өрт сөндіру поезі және "Алабота" Племзауыты" ЖШС 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны