04.01.2008, 13:33 1659

СҚО жаңа жыл мерекесі күндері 29 қылмыс тіркелді

СҚО жаңа жыл мерекесі күндері 29 қылмыс тіркелді

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 4 мереке күнінде 29 қылмыс тіркеліп, оның 21-і тәулік ішінде ашылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қаңтарда кезекші бөлімге Урожайнай көшесінде екі адам өлтірілгені жөнінде ақпарат келіп түсті. Петропавл қаласының жұмысшы поселкесінің кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірім тұрғыны таңертең 28 жастағы пәтер иесінің үйіне кіріп, оның екі туысына пышақ салған.

"Пәтер иесі шудан оянып, шабуылшыны тоқтатпақ болып, оған қарсылық танытқан. Күрес кезінде әйел жасөспірімнің қолындағы пышағын жерге түсіріп, оған бірнеше жарақат салған. Шабуыл жасаған жасөсіпірім үйден қашып шығып, көзден таса болған. Ийел қалалық ауруханалардың бірінде ауыр жарақатпен төсекке таңылды. Сол ауруханада оған шабуыл жасаған жасөспірім де жеткізіліп, оған полиция күзеті қойылды. Екі өлім бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері, Мамлютка аудан орталығындағы үйлердің бірінде есірткіні сатпақшы болған 32 жасар аудан тұрғынын құрықталды. Қызметте пайдаланылатын иттердің көмегімен полицейлер сақталған бірнеше есіркіні тауып алды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, М. Жумабаев атындағы аудандық құрт ауруына қарсы диспансерінің күзетшісі, полиция қызметкерлеріне емдеу ғимараты территориясынан екі шыршаның түбіне балта шабылғаны жөнінде арыз тапсырды. Шұғыл-тергеу тобының әрекеттері нәтижесінде олар қылмыс жасаған Булаева қаласының 40 жастағы тұрғынын қолға түсірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны