02.02.2010, 17:12 4434

Солтүстік Қазақстан облысында "Билайн" дүкеніне қарақшылық шабуыл кезінде сатушы жарақаттанды

Солтүстік Қазақстан облысында "Билайн" дүкеніне қарақшылық шабуыл кезінде сатушы жарақаттанды

Петропавловск. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында "Билайн" дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалып, оның барысында сатушыға оқ тиіп, жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 30 қаңтарында сағат 15.10-да Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның ІІБ кезекші бөліміне Булаево аудан орталығындағы "Билайн" дүкенінен 1977 жылы туған сатушы кеудесінен оқ тиіп жарақаттанған күйінде табылды деген хабар келген.

"АІІБ жеке құрамы бірден аяғынан тік тұрып, оқиға орнына ішкі істер департаментінен күшейтілген жедел тергеу тобы жіберілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Белгілі болғанындай, дүкенге сатушы бұрын танымайтын бір жігіт келіп, ең қымбат ұялы телефондарды көрсетуді сұраған. Телефондарды қарап шыққанан кейін ол біреуін сатып алуға құлық танытады, бірақ ақшаның орнына қалтасынан шолақ мылтық алып шығып, оны сатушыға қарай бағыттаған. Сатушы әйел қолымен соққы жасау арқылы мылтықтың ұңғысын оң жаққа қарай сәл бұрып жіберген. Сол сәтте оқ атылады. Ауыр жарақаттанған сатушы аудандық орталық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Шабуылшыны іздестіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, іздестіру ақпарлары барлық қалалық және аудандық бөлімшелерге, РФ шекаралас аудандарына да жіберілді. Оқиға орнынан шабуылшы бірнеше ұялы телефон мен флеш-карталар ұрлаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-шы бабы (қарақшылық шабуыл) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны