04.09.2009, 16:32 3757

Солтүстік Қазақстан облысында екі кісіні бірдей өлтірген күдіктілер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында екі кісіні бірдей өлтірген күдіктілер ұсталды

Петропавловск. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы Мирное ауылында екі кісіні бірдей өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2 қыркүйекте Мирное ауылында 62 және 56 жастағы дос-жаран екі ер адамның мәйіттері табылған. "Үйдің иесі буындырып өлтірілсе, оның досын бауыздап тастаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Жедел шаралардың барысында полиция қызметкерлері Мамлютка қаласына баратын жолда кісілерді өлтірген болуы мүмкін жеген күдікпен 22 жастағы екі жігітті ұстады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабының 2-тармағы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны