27.10.2011, 10:56 3933

Солтүстік Қазақстан облысында электромеханик тоққа соғылып, мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында Ресей темір жолдарының Петропавл электрмен қамту дистанциясында 110 кВ трансформаторда жұмыс істеу кезінде электр тоғына соғылып, жарақат алған жолдағы электротехникалық зертхананың 26 жастағы электромеханигі мерт болды.

Астана. 27-қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында электромеханик тоққа соғылып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында Ресей темір жолдарының Петропавл электрмен қамту дистанциясында 110 кВ трансформаторда жұмыс істеу кезінде электр тоғына соғылып, жарақат алған жолдағы электротехникалық зертхананың 26 жастағы электромеханигі мерт болды.

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға СҚО, Аққайың ауданы, "Ресей темір жолдары" АҚ-ға қарасты №4-ші Темір жолдар оңтүстік басқармасының Петропавл электрмен қамту дистанциясында 26 қазан күні түс ауа болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны