11.06.2008, 09:41 1296

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне екі адам батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне екі адам батып кетті

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне екі адам батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне (Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Разгульное кенті) 6 маусымда сағат 17.00-де өзеннен өткен кезде қайық аударылып кету салдарынан 26 және 29 жастағы екі ер адам суға батып кетті.

Суға батып кеткендерді жергілікті тұрғындар маусымның 6 мен 10 аралығында іздестірген. Мәйіттер судан жергілікті тұрғындардың күшімен шығарып алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны