06.10.2008, 18:01 3141

Соңғы мәліметке сәйкес Қырғызстанда жер сілкінісінен 72 адам қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі

Соңғы мәліметке сәйкес Қырғызстанда жер сілкінісінен 72 адам қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі

Бішкек. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында жер сілкінісінен 72 адам қаза тапқан, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаевқа сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың бәрі де Нұра ауылының тұрғындары.

"Қазіргі жағдаймен 38 адам көшірілді, олардың 14-і Ош облысының Сары Таш ауылына жеткізілген. Басқалары Ош облыстық біріккен клиникалық ауруханасына жеткізілді. Зілзала аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Арнаулы рейспен шатырлар, пештер, дизельдік отын мен дәрі-дәрмек жеткізілді",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны