23.06.2010, 12:45 1653

Сотталушылар қатаң тәртіптегі түрмеден электр қуаты өшкен кезде қашқан - ҚР ІІМ

"Сотталушылар электр қуаты өшкен кезде, мекеменің негізгі қоршауы арқылы қашқандығы белгілі болды",- деп хабарлады Қ. Жұманов.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today - Сотталушылар қатаң тәртіптегі түрмеден электр қуаты өшкен кезде қашқан. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов хабарлады.

"Сотталушылар электр қуаты өшкен кезде, мекеменің негізгі қоршауы арқылы қашқандығы белгілі болды",- деп хабарлады Қ. Жұманов.

Естеріңізге сала кетсек, кеше таңғы сағат 5.00 Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден 21 сотталушы қашқан. Олардың 8-і ұсталған.

Иділет министрлігі өкілінің айтуынша, олардың түрмеден қашып шығуларына қаруланған белгісіз біреу көмектескен. "Сотталушылардың қашып шығуына белгісіз біреулер көмектескен",- деп хабарлады Е. Ерімбет.

"Сотталушылар қашу кезінде Ақтау қаласының № 6656 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметкерлері қару қолданып, оқ атқан, мерт болғандар мен жараланғандар бар. Белгісіз біреулер қарсы оқ жаудырған. Соның салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жараланды",- деп хабарлады Е. Ерімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны