05.04.2010, 09:39 1365

Таяу күндерде Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде тасқын болады деп күтілуде

Таяу күндерде Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде тасқын болады деп күтілуде

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Таяу күндерде Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде тасқын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 сәуірде "жаңбырға, ауа температурасының көтерілуіне және таулардағы қардың ери түсуіне байланысты Алматы облысындағы өзендерде тасқын болады деп күтілуде; әсіресе Талдықорған өңіріндегі Тентек, Қаратал, Көксу, Лепсі, Ақсу өзендерінде тасқын болуы мүмкін".

Сондай-ақ, 5 - 6 сәуірде жаңбырға және ауа температурасының көтерілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны