01.02.2012, 13:17 3864

Талдықорғанда колледж студенті өз курстасын пышақтап тастады

Пышақ жарақатын алған Ескелді ауданының 1993 жылғы тұрғыны Талдықорғанның қалалық ауруханасына таңғы сағат 4 келіп түскен. Ол есін жимастан, қаза тапты.

Талдықорған. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Талдықорғанда колледж студенті өз курстасын пышақтап тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған қаласында өзінің курстасын өлтірген күдікті ұсталған.

Пышақ жарақатын алған Ескелді ауданының 1993 жылғы тұрғыны Талдықорғанның қалалық ауруханасына таңғы сағат 4 келіп түскен. Ол есін жимастан, қаза тапты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері өз курстасын өлтірген күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері адам өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, қылмыстың қандай себептермен болғанын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны