16.03.2011, 14:44 3791

Талғардағы 34 үйді су басып қалды

Талғардағы 34 үйді су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Талғардағы 34 үйді су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, жоғарғы тау етегіндегі қардың тез еруінен Алматы облысының 34 үйі су астында қалған.

" 2011 жылғы 15 наурызда сағат 16.30 да Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы Котковский, Мира, Гоголь, Айвазов, Торайғыров, Шверник, Клейверный, Мақатаев, Левитан, Тоқаев көшелеріндегі 34 тұрғын үйдің аулаларына су кіріп кеткен", деп хабарлайды баспасөз қызметі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдары іздестіріліп, тасқын судың бетін қайтару үшін тұрғын үй алабындағы арықтар мен арналар тазартылып, аулалардағы су сорғымен айдалуда.

Кешкі сағат 21.00-де су деңгейі төмендеп, аулаларға судың келуі тоқтады.

Төтенше жағдайды жоюмен 85 адам мен 7 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 8 адамы мен 3 техникасы айналысты.

Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері су астында қалған ауданды бақылауға алып, айналма жолдарды ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны