13.01.2009, 12:57 1680

Таразда ірі жол апаты болып, екі бағытты такси соқтығысты

Таразда ірі жол апаты болып, екі бағытты такси соқтығысты

Тараз. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таразда бүгін қаладағы орталық көше қиылыстарының бірінде ірі жол апаты болып, екі бағытты такси соқтығысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Тараз құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, "жедел жәрдем" көліктері оқиға орнынан зардап шеккен сегіз адамды алып кетті, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Жедел құтқару отрядының баспасөз хатшысы Ғалымжан Тулбасиевтің айтуынша, алдын-ала жорамалға сәйкес, бір шағын автобустың жүргізушісі жол қозғалысының ережелерін бұзып, бағдаршамның сары жарығына жүріп кеткен.

"Апат салдарынан бір шағын автобус жантая құласа, екіншісі жолдың жиегі мен арықтан асып, ағашқа қиғашынан соқтығысқан. Екі бағытты таксиде де соққыдан орындықтар жұлынып кеткен. Бақытқа қарай, жолаушылар арасында құрбан болған ешкім жоқ. Зардап шеккендердің көбі көліктің күлпарша болған әйнектерінің сынықтарынан жарақаттанған", - деді Ғ. Тулбасиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны