24.03.2011, 11:50 3189

Таразда көп қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала зардап шекті

Таразда көп қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - наурыз. Kazakhstan Today - Таразда көп қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі, 23 наурызда күннің екінші жартысында Таразда 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шыққан.

"Өрт шарпыған жер аумағы 2 шаршы метрді құрады. 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт орнынан денесін күйік шалып, иіс тиіп зардап шеккен 2006, 2008 және 2009 жылғы үш бала ауруханаға жеткізілді", - делінген таратылған ақпаратта.

Өртті ауыздықтау жұмысына ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адам жеке құрамы мен 1 бірлік техникасы қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны