04.01.2007, 12:52 3300

Таразда өрт салдарынан 16 адам баспанасыз қалды

ТАРАЗ. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. Таразда каркастан салынған 8 пәтерлі үйде шыққан өрт салдарынан 16 адам баспанасыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, өрт 31 желтоқсанға қараған түні үш сағатта шыққан. Өрт пеш мұржасының дұрыс орнатылмауынан шыққан. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері тілсіз жаудың бетін төрт сағаттан кейін ғана қайтарды.

Төтенше оқиғаның салдарынан пәтерлер толық өртеніп, 4 отбасы (16 адам) баспанасыз қалды.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның шешімімен 31 желтоқсан күні зардап шегушілерге Қызыл крест қоғамынан материалдық көмектер көрсетілді. Баспанасыз қалған отбасылар уақытша Таразда тұратын туыстарын паналауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны