14.11.2011, 11:42 3456

Таразда полиция бөлімшесі, колледж бен вокзал ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы жалған ақпараттар келіп түсті

Жексенбі, 13 қараша күні таңертеңгі сағат 9.15-те "102" нөміріне Тараз қаласының теміржол вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарланған.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Таразда полиция бөлімшесі, колледж бен вокзал ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы жалған ақпараттар келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі, 13 қараша күні таңертеңгі сағат 9.15-те "102" нөміріне Тараз қаласының теміржол вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарланған.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның 44 адамы мен 9 техникасы арнайы іс-шараларды жүргізді. Оның барысында қауіпті зат табылмады. Вокзал ғимаратынан 146 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Сондай-ақ, дәл осы күні сағат 22.20-да "102" нөміріне Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының №3-інші полиция бөлімшесі мен теміржол колледжінің ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Қоңырау бойынша төтенше жағдай орнына дереу жеткен шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның 40 адамы мен 8 техникасы арнайы іс-шараларды жүргізіп, екі ғимаратта да жарылғыш заттарды таппады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны