30.06.2011, 16:15 8584

Таразда шомылып жүрген 10 жасар қыз суға батып кетті

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, өткен тәулікте еліміздің су-тоғандарында 5 адам суға кетті, олардың екеуі балалар.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Таразда шомылып жүрген 10 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, өткен тәулікте еліміздің су-тоғандарында 5 адам суға кетті, олардың екеуі балалар.

Сәрсенбі, 29 маусым күні Атырауда Жайыққа шомылып жүрген жерінде 19 жастағы жігіт суға батып кеткен. Оның денесін судан 25 минуттан кейін құтқарушылар алып шықты.

Сол күні Таразда Талас өзеніне 10 жасар қыз бала батып кетіп, оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Петропавл қаласында да Есілге шомылып жүрген кезінде 9 жасар ұл бала суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Шерубай-Нұра өзеніне шомылып жүрген кезде 19 жасар жігіт суға кеткен. Осындай оқиға Жезқазғанда да орын алған. "Қазақмыс" корпорациясының демалыс аумағында орналасқан Кеңгір су қоймасына 47 жастағы еркек суға батып кеткен. Олардың денелерін судан құтқарушылар алып шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны