05.04.2007, 10:14 2771

Таразда жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АСТАНА. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Таразда жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 4-сәуірде Таразда "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2109" автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан "ВАЗ-2109" автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен "ВАЗ-2109" автокөлігінің бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны