09.04.2007, 18:50 3362

Таразда жұмысқа орналастыруға көмектесемін дегенді желеу етіп, ақша иемденген алаяқ әйел қолға түсті

ТАРАЗ. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Таразда жұмысқа орналастыруға көмектесемін дегенді желеу етіп, 20 жәбірленушінің ақшасын иеленген алаяқ ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жас келіншек жәбірленушілерге темір жол бөлімшесіне жұмысқа тұрғызуға ұсыныс жасап, бұған үлкен көлемдегі сыйақы сұраған. "Ол өзін темір жолы басқармасының маман таңдау бөлімінің қызметкері ретінде, сондай-ақ бір басшының немересі ретінде таныстырған",- деп түсіндірді баспасөз қызметінің басшы Роза Қалдыбекова.

Оның айтуынша, алаяқ әйел құжаттардың көшірмесі мен ақшаны қолма-қол сұраған, сондықтан да үш жәбірленуші көрсетілетін көмек үшін несие рәсімдеген.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, "Таразда тұратын бір отбасының 2 мүшесі жұмысқа тұру үшін 260 мың теңге төлеген". "Басқа жағдайда жұмыссыз отбасылар үш адамды жұмысқа тұрғызу үшін 346 мың теңге берген. Алаяқ әйел теміржол бекетіндегі күзетші орны үшін 200 мың теңгені иеленген, бұл соманы мүгедек несиеге алған",- деп түсіндірді Р. Қалдыбекова. Оның ақпараттарына сүйенсек, күдікті 100 теңгеге ревизор, жолсерік, қатардағы жұмысшы секілді қызметтерді ұсынған.

Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. Күдіктіге Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер кодексінің 177-бабының 2-тармағы бойынша (алаяқтық) 12 оқиғаға қатысты айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны