07.12.2010, 13:32 3254

Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде бір адам табиғи газдан уланып көз жұмды

Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде бір адам табиғи газдан уланып көз жұмса, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде бір адам табиғи газдан уланып көз жұмса, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға дүйсенбіде, 6 желтоқсан күні Сатыбалдиев көшесіндегі 2 қабатты үйде болған. Пеш жылуын іске қосу кезінде табиғи газ шыққан. Соның салдарынан газдан уланған 51 жастағы ер адам қаза тапты, отбасындағы төрт адам, 35 жасар әйел, 11 және 9 жасар қыз, сондай-ақ 6 жасар ұл уланып ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны