04.05.2012, 12:43 3157

Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

Өрт бейсенбі, 3 мамыр күні Қойбақов көшесіндегі төрт қабатты үйдің шатырынан шыққан.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан 148 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, оның 15-і балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бейсенбі, 3 мамыр күні Қойбақов көшесіндегі төрт қабатты үйдің шатырынан шыққан.

Жалын аумағы 750 шаршы метрді құрады. Оның салдарынан 2-нші және 3-інші қабаттардағы екі пәтер жартылай зақымдалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 65 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны