22.12.2008, 16:07 2851

Тәртіп сақшылары Алматыда үш күзетшіні атып өлтірген күдіктілердің аты-жөнін анықтады (толықтырылған нұсқасы)

Тәртіп сақшылары Алматыда үш күзетшіні атып өлтірген күдіктілердің аты-жөнін анықтады (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлері Алматыда үш күзетшіні қасақана атып өлтірген күдіктілердің аты-жөнін анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін екі күдіктіге қатысты ақпарат түсті. Агенттіктің ІІД-дегі ақпарат көзінің хабарлауынша, олардың бірі 26 жастағы Көкшетау қаласының тумасы. Ал екінші күдікті жөнінде полициға тек оның аты-жөні мен фоторобот мәліметтері ғана белгілі.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде 1982 жылы туған М. Мельников танылуда. Оған түріне қарап 30 жас беруге болады, бойы 185 сантиметрге жуық, бет-пішіні дөңгелек келген. Екінші күдіктінің аты-жөні Юрий болуы мүмкін, 30 - 35 жастар шамасында, бойы - 185 сантиметр шамасында.

Еске сала кетейік, "Контракт Ойл" ЖШС-нің екі күзетшісі: 34 жастағы Ербол Ахметовтың басынан оқ тиген мәйіті мен кеудесінен екі оқ тиген оның 25 жастағы әріптесі Қуан Ернесепұлының мәйіттері 2008 жылдың 18 желтоқсанында сағат 06.20-да ЖШС кеңсесінде табылған болатын.

Ал басы мен кеудесінен оқ тиген "Күзет и К" ЖШС-нің 33 жастағы күзетшісі Ільяс Ғабдуллиннің мәйітін жүргіншілер "Контракт Ойл" ЖШС-нің кеңсесінен 250 метр жерден, "ЛюМир" сауда орталығының маңынан тауып алған болатын.

Ақпарат өзінің хабарлауынша, "Контракт Ойл" ЖШС Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы аумағында жанар-жағармай сатумен шұғылданады.

Шабуыл кезінде қылмыскерлер калибрі 7,62 миллиметрлік ТТ тапаншасы мен 12 калибрлі шолақ аңшы мылтығын пайдаланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны