25.01.2010, 10:50 1892

Ташкентте жер сілкінісі болды

Ташкентте жер сілкінісі болды

Алматы. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Ташкентте 24 қаңтарда сағат 00.21-де Рихтер өлшемі бойынша магнитудасы 3,5 балл құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Фергана.ру" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Ташкент" сейсмостанциясының хабарлауыншша, жер сілкінісінің ошағы дәл қаланың астында тіркелді, тербеліс магнитудасы Рихтер өлшемі бойынша 3,5 балл құрады. Алдын-ала мәліметке сәйкес, Ташкент аумағында құрбан болғандар мен қираулар туралы хабар жоқ.

"Фергана.ру" ақпаратына сәйкес, бұл -Өзбекстан астанасында сілкініс ошағы тіркелген кейінгі жылдардағы екінші дүмпу. Рихтер өлшемі бойынша магнитудасы 6 балл құраған бұған дейінгі жер сілкінісі 2008 жылдың 22 тамызында болды. Сейсмологтардың мәліметінше, сілкініс жергілікті сипатта болды және аса тереңде болған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны