14.01.2026, 23:07 2426

Тайландта құрылыс кранының пойыз үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-ге жетті  

Тайландта құрылыс кранының пойыз үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-ге жетті
Сурет: Department of Disaster Prevention and Mitigation of Bangkok
Тайландта құрылыс кранының жолаушылар пойызының үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Тайландтың Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 қаңтардың кешіне қарай зардап шеккендердің жалпы саны 99 адамға жеткен. Оның ішінде 32 адам қаза тапқан, үш адам хабар-ошарсыз кеткен, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

Бұған дейін 22 адамның қаза тапқаны және 79 адамның жараланғаны хабарланған еді. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға болған сәтте пойызда барлығы 195 жолаушы болған.


BBC дерегінше, апат 14 қаңтар күні таңертең Тайландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима провинциясында болған. Кранның құлауы салдарынан пойыз рельстен шығып, артынша өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Корольдік билік апаттың себеп-салдарын анықтау үшін жан-жақты әрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қайғылы оқиға Тайландтағы көлік қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Осыған дейін Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткені туралы жаздық.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны