07.03.2007, 11:20 2668

Теміртауда 180 тонна темір прокаты қолды болып кете жаздады

АСТАНА. 7 наурыз. Kazakhstan Today. Теміртауда 180 тонна темір прокаты қолды болып кете жаздады. Бұл туралы агенттікке ҚР ІІМ криминалды полиция комитетіндегілер хабарлады.

Полицейлердің ақпаратынша, Қарағанды облысы ІІД Қауіпсіздік басқармасы оперативті-іздестіру жұмыстары өткізу барысында "Миталл Стил Темиртау" АҚ "Прокатная" аумағынан шыққан 4 КАМАЗ автокөлікті тоқтатқан. Көліктерге ұрланған жалпы салмағы шамамен 180 тонна темір тиелген.

Тергеу барысында қылмысты ұйымдастарған Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты. "қазіргі кезде қылмыстық іс төңірегінде дәлелдерді растау, қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға түскен өзінің айыбын толығымен мойнына алып, қажетті сауалдарға жауап берді",-деп түсіндірді криминалды полиция комитетіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны