20.09.2011, 15:20 3396

Теміртауда "АрселорМиттал" АҚ цех бастығына қастандық жасалды

Куәлардың сөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, цех бастығына қастандық таңертеңгі 6.30-да жасалған. Теміртаудың "АрселлорМитталдың" ЛПЦ-2 цехының бастығы Андрей Михайлович Васькинді өз үйінің кіреберісінде белгісіз біреулер басынан атқан.

Қарағанды. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Теміртауда "АрселорМиттал" АҚ цех бастығына қастандық жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің куәлардың сөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, цех бастығына қастандық таңертеңгі 6.30-да жасалған. Теміртаудың "АрселлорМитталдың" ЛПЦ-2 цехының бастығы Андрей Михайлович Васькинді өз үйінің кіреберісінде белгісіз біреулер басынан атқан.

Тілшінің айтуынша, оқиғаға куә болғандар А.Васькиннің "көмектесіңдер, жедел жәрдем шақырыңдар деп қатты айқайлағанын көрген. Енді бір куәгердің айтуынша, мылтық даусы шыққан кезде адамдар сол жерден қашып үлгерген".

Ал, А.Васькиннің әйелі күйеуіне қалалық аурухананың хирургиялық бөлімінде операция жасағанын, дәрігерлер жағдайының қалыпты екендігін айтқанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны