17.02.2021, 20:49 38671

Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы ұсталды

Нұр-Сұлтан. 17 ақпан. Kazakhstan Today - "Tengri Bank" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды.
 
Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.
 

Осы жылдың 16 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 128-бабына сәйкес "Tengri Bank" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновты ұстады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

 
Айта кетейік, Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдар аралығында "Tengri Bank" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен.
 
Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді. 

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны