17.04.2013, 13:28 3169

Төрт немересін ұрлап кеткен Шешенстан азаматшасы Атырауда ұсталды

Қостанайдағы өзінің төрт немересін ұрлаған Шешенстан азаматшасы Атырауда ұсталды. Атырау стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің мамандары әйелді Қостанай қалалық ішкі істер бөліміне ұрлау фактісі туралы түскен арыз негізінде ұстады.

Атырау. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Төрт немересін ұрлап кеткен Шешенстан азаматшасы Атырауда ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанайдағы өзінің төрт немересін ұрлаған Шешенстан азаматшасы Атырауда ұсталды. Атырау стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің мамандары әйелді Қостанай қалалық ішкі істер бөліміне ұрлау фактісі туралы түскен арыз негізінде ұстады.

Кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың анасы Атырауға келіп, ұрлау туралы арызын тәртіп сақшыларына қайта тапсырған. Ол енесі немерелерін Шешен Республикасына аттандыру үшін заңсыз Атырау қаласына алып кеткенін туыстарынан естіген.

Атырау қаласында жоғалып кеткен балаларды іздестіру жұмыстарына өңірдің криминалдық полиция қызметкерлері де жұмыла кірісті. 16 сәуір күні әжесі мен немерелері Атырау қаласындағы вокзалдан табылды. Олар "Атырау-Астрахань" пойызына отырып үлгермеді.

Ананың сөзінше, ол жұбайымен Шешенстанда тұрған. Бірақ кейін күйеуімен ажырасып, Қостанайдағы туыстарына қоныс аударды. Ал енесі немерелердің жағдайын білуге келген болып, кейін оларды ұрлап әкеткен.

Алдын ала анықтау барысында қария Қазақстан мен Ресейдің шекарасынан өту үшін балалардың туу туралы куәлігін Атырау қаласында қайта қалпына келтіргені мәлім болды.

Балалар аман-есен аналарына оралды. Ұры әйел құрықталды. Аталмыш іс бойынша барлық материалдар Қостанай облыстық ІІД жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны