05.12.2011, 11:42 3232

Түнде "Астана Пласт-2002" мекемесінің қоймасынд ірі өрт шықты

5 желтоқсан күні түнде, Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан "Астана Пласт-2002" ЖШС-ның жиһаздар сақталатын қоймасында ірі өрт шыққан.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Түнде "Астана Пласт-2002" мекемесінің қоймасынд ірі өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 желтоқсан күні түнде, Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан "Астана Пласт-2002" ЖШС-ның жиһаздар сақталатын қоймасында ірі өрт шыққан.

Жалынды елордалық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 52 адамы мен 12 техникасының күшімен жарты сағатта ауыздықтаған. Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны