25.05.2009, 17:17 3009

Түркияның Сиде қалалық ауруханасында 22 мамырда болған жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның 8 азаматы қалып отыр - ҚР СІМ

Түркияның Сиде қалалық ауруханасында 22 мамырда болған жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның 8 азаматы қалып отыр - ҚР СІМ

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түркияның Сиде қалалық ауруханасында 22 мамырда болған жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның 8 азаматы қалып отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгінгі жағдаймен Сиде қалалық ауруханасында Қазақстанның 8 азаматы қалып отыр. Олардың екеуіне табысты операция жасалды, бір адам жан сақтау бөлімшесінен жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Оның жағдайы тұрақтанды, өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, жол апатының алдын-ала себебі анықталды: "автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен автокөліктен бұлтармақ болған".

Сондай-ақ, СІМ өкілінің хабарлауынша, Қазақстанның консулы Түркияда зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ-нің алдын-ала ақпаратына сәйкес, Түркияның Манавгата атты курорттық қаласының маңында болған жол апатынан Қазақстанның 21 азаматы зардап шекті. Алғашқы жедел жәрдем көрсетілген соң Сиде қалалық ауруханасынан 10 адам шығарылды.

Еске сала кетейік, 22 мамырда Анкара уақытымен сағат 17.00 шамасында Анталия маңында туристер отырған автобус аударылды.

Түркиядағы Қазақстан елшілігінің хабарлауынша, автобуста 36 адам болған, оның 21-і - Қазақстан, 3-і - Қырғызстан азаматтары. Оқыс оқиғадан, алдын -ала ақпаратқа сәйкес, 27 адам зардап шеккен. Үш адам Манавгата қалалық, қалғаны - Сиде қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны