04.11.2011, 10:21 4061

Түркістанда өртенген көліктің ішінде екі сәби қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында машина салонында 1 және 2 жасар екі бала жанып кеткен.

Астана. 4-қараша. Kazakhstan Today - Түркістанда өртенген көліктің ішінде екі сәби қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында машина салонында 1 және 2 жасар екі бала жанып кеткен.

3 қараша күні сағат 11.55-те, Аманжолов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында тұрған "Ауди" көлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан машинаның салоны алдымен түтіндеп, кейін өртке ұласты. Тілсіз жауды жергілікті тұрғындар жарты сағаттың ішінде ауыздықтады. Көлік ішінен 2010 және 2009 жылы туған балалардың мәйіттері табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны